деп хабарлады ҚР президенттігінен кандидаттың баспасөз қызметі.
Негізінен экология, қаланың тұрғын үй кешені проблемалары, сонымен қатар қаланың мәдени бағытта даму мәселелері талқыланды.
Көкшетаға келгеннен кейін эколог Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. Кездесуге студенттер, университет декандары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты. Кандидаттың сайлауалды науқаны, агроөнеркәсіп кешенді дамыту, елдегі ұлтаралық қатынастар, тіл мәселесі, республика қалаларындағы штабтарды дамыту мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Студенттер «Табиғат» экоодағына қатысуға ниет білдірді.
Осы күні кешке қарай кандидат Ақмола облысының әкімі С.Дьяченкомен, кейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Мүсрәлиевамен кездесті.