ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия құрамы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссия отырысы барысында ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия құрамы бекітілді.

Бүгінгі отырысқа ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвисткалық комиссияны құру туралы қаулы жобасы ұсынылып отырғандығын айтқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен: «ҚР Конституциясы 41-бабы 2- тармағына, Сайлау туралы заңның 54-бабына, ҚР Конституциясының 41-бабы 2-ші тармағын ресми түсіндіру туралы ҚР Конституциялық кеңесінің 1998 жылғы қаулысына сәйкес Сайлау комиссиясының қаулысының жобасы бойынша ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвисткалық комиссия мына құрамда құрылуын ұсынамыз: келісімдері бойынша, Мырзатай Жолдасбеков Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Фаузия Оразбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі; Дихан Қамзабекұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корроспендент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Сейіт Қасқабасов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сылығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі; Гүлтас Құрманбай Назарбаев университеті қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Аталған азаматтар осы жиынға қатысып отыр. Еліміздің танымал қазақ тілі мен әдебиетінің мамандары. Лингвистикалық комиссияны осы құрамда бекітілуін ұсынамын», - деді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы лингвистикалық комиссия құрамын бірауыздан мақұлдады.