«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын сайлаушылардың дұрыс қолдарының саны кемінде 93 мың 12 қолды құрауы тиістігін белгіледі. Қолдарды жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады. Қолдарды жинайтын топтардың саны мен мөлшері шектелмейді», - делінген ақпаратта.
ОСК-нің ақпаратына сәйкес, қол қою парақтарын беру және ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналғаен қолдардың растығын тексеру мерзімі қысқартылған. Қол қою парақтарын Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 2 күнтізбелік күн ішінде береді. Бұған дейін бұл рәсімге 5 күн жұмсалатын.
«Аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру мерзімі 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылды», - деді ОСК-ден.