«Егер біз бір жерлерде тергеуші дұрыс жасамағанын немесе қандай да бір маңызды айғақтарды көрмей кеткенін көрсек, онда біз жазбаша нұсқау береміз. Осы жылы оның саны 18 мыңнан асады», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, тергеу көбінесе тұлғаны ұстаумен ұштасып жатады. Мәселен, бұрындары прокурорлар жыл сайын мыңнан аса азаматтың қызметтік бөлмелерде заңсыз ұсталғандығын анықтап келген. «Бұл проблеманы шешу үшін біз құқық қорғау органдары ғимаратына жеткізілгендердің электронды есебін енгіздік, бұл ахуалды жақсы жағына қарай өзгертті. Мұндай есептің мағынасы қарапайым келушінің полиция органына кірген және шыққан уақыты компьютерге белгіленеді. Ұсталғанның ғимаратта 3 сағаттан астам процестік рәсімдеусіз болуы біздің талқылауымыздың нысанасына айналады. 2014 жылдың өзінде мұндай тұлғалар саны 459-ға дейін азайған. Ал биылғы жылы тағы да екі есе төмендеген (403-тен 212-ге дейін, 47% азайған). Бұдан басқа, прокурорлар 47 азаматтан негізсіз күдікті алып тастады. Өздеріңіз түсінетіндей, олардың әрқайсысы үшін бұл есеңгіреу, моральдық шығын, бүлінген абырой және басқа да түрлі салдарға әкеледі», - деді Н.Исаев.
20:43, 23 Желтоқсан 2015
ҚР прокуратура органдары биыл 47 азаматқа қатысты негізсіз күдікті алып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР прокуратура органдарының қызметкерлері ағымдағы жылы еліміздің 47 азаматына қатысты негізсіз күдікті алып тастады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмұхамбет Исаев мәлім етті.