ҚР Сенат спикері Ниццадағы лаңкестік құрбандарына қатысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ниццадағы лаңкестік оқиғасына байланысты француз халқына көңіл айтты.

«Ниццадағы лаңкестікте құрбандары үшін көңіл айтамын. Көптеген адам, оның ішінде балалар мерт болды. Терроризмге қарсы күрестегі күшімізді біріктіру қажет», - деп жазды өзінің Твиттер аккаунтына Қ.Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 14-і күні Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып-жаншып, кейін көліктен жиылған жұртқа оқ атқан. Шабуыл салдарынан 84 адам қаза тапты, оның ішінде балалар бар, тағы 18-і ауыр жарақат алды, 100-ден астамы жарақаттанды. Франциялық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның Франциямен қатар Тунис азаматы болғанын хабарлады. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын не болмағанын анықтап жатыр.