ҚР Шахмат федерациясы қызметін тоқтатпайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 ақпан күні Қазақстанның шахмат федерациясының басшылығы оның ағымдағы жылы қызметі мен жоспарлары бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметінен.

«Федерация өз қызметін тоқтатқан жоқ және тоқтатпайтынын хабарлайды. ҚШФ атқарушы дирекциясының қызметкерлеріне жұртшылықты теріс ақпараттандырғаны үшін ескерту жасалды. Мәселе, үнемдеу режиміне өту, артық шығындарды қысқарту және шетелдегі жарыстарға бару санын қысқарту туралы болған», делінген Қазақстанның Шахмат федерациясынан.

Өткен жылы Қазақстан шахматшылары Франция, Бразилия, Грекия, Норвегия, Түркия, Ресей, Иран, Өзбекстан және БАӘ сияқты елдерде өткен 20 жарысқа қатысты.

«Биыл шахматшыларымыздың Тайланд, Грекия, Ресей, Өзбекстан, Қытай және Италияда өтетін халықаралық деңгейдегі 8 жарысқа қатысуы жоспарланып отыр. Шетелдегі жарыстарға шығуды қысқартуға қарамастан, ел ішіндегі жарыс саны өзгермейді», деп нақтылады Федерацияда.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің желісі бойынша республикадағы жарыстарды өткізуге жалпы сомасы 20 млн. теңге, сондай-ақ спортшыларды 2015 жылғы халықаралық жарыстар қатарында қатысуға жіберу жоспарланған.

Федерацияның одан да белсенді жұмысы үшін және қазақстандық шахматшылардың ел ішінде, сондай-ақ шетелдегі жарыстарға қатысуы үшін қосымша қаражат қажет. Сондықтан, қазіргі кезде демеушілермен жұмыс жүргізілу үстінде.