АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 тамызда қазақстан-ресей шекаралық бақылаудан өту кезінде Екатеринбург - Бішкек бағыты бойынша транзиттік жолаушылар автобусындағы шетелдік азаматтарға техникалық қателіктер мен адам факторына байланысты мемлекеттік шекарадан өту мерзімі қате белгіленген.
Астана қаласы көші-қон полициясына Ресей мен Қырғызстан азаматтарының шекарадан өтуінің ресми растау бағытталды.
Шекаралық қызмет шетелдік азаматтардан ресми кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Қызметтік тексеріс жүргізілуде. Кінәлі тұлғалар жазаланады.