Шекара қызметкерлері «Бішкек - Мәскеу» бағытындағы № 27 поезының «Мерке т.ж.» өткізу пунктінде вагондардың біреуін тексеру кезінде жұмысшы тамбуріндегі пештің түтін шығатын жерінен скотчпен оралған екі полиэтилен пакетті тауып алды. Ашу кезінде қою-жасыл түсті марихуананың өзіне ғана тән иісі бар жалпы салмағы 4 килограммға жуық зат табылды.
Осы күндері Қордай шекара отрядының «Бетқайнар» заставасының шекарашылары 1986 жылы туған Қырғызстаннан келе жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Одан салмағы 1 килограммдай болатын ұнтақ зат - героин табылды.
Аталған оқиғалар туралы арнайы орындарға хабарланды.
Осы фактілер бойынша тексеру жүргізілуде.