ҚР СІМ АҚШ дипмиссиясы басшысы мен елшілік қызметкерлерінің өліміне әкеп соққан зорлық-зомбылық актісін қатаң түрде айыптайды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ дипмиссиясы басшысы мен елшілік қызметкерлерінің өліміне әкеліп соқтырған Ливияның Бенгази қаласында жасалған зорлық-зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің бүгін таратылған баспасөз хабарламасында айтылды.

Қазақстан барлық мемлекеттерді дипломатиялық елшіліктер ғимараттары мен дипломаттарға қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету бойынша өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырады.

«Біз сондай-ақ  лаңкестіктің барлық түрлері мен оның орын алуын айыптаймыз және бұл зұлыммен күресуде анағұрлым тиімді шараларды қабылдауға шақырамыз», - делінген хабарламада.