Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Т.Бекшентаев отырған көлік бұрылатын жерде бірнеше рет аударылып, ағашқа соғылған.
ҚР СІМ-не қаза тапқан азаматтың туыстары оның мәйітін Отанға қайтару өтінішімен барған. Сыртқы істер министрлігі бұл істе қолынан келгенін жасайтынын айтты. Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығының қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтап, жапа шеккен азаматтың мәйітін Қазақстанға тасымалдау үшін қажетті құжаттарды әзірлеуде.