«Қазіргі таңда, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстанның Бас консулдығы ақпаратты анықтап жатыр. Қосымша мәліметтер хабарланады», - деді телефон бойынша Ә.Жайнақов.
08:38, 29 Маусым 2016
ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.