«Ауған тарапы оқиғаға мұқият тергеу жүргізу және кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жазалау, сондай-ақ Ауғанстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен шетелдік азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау қажет деп санаймыз. Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайды және дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық көрінісін өрескел деп санайды.Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.», - делінген СІМ мәлімдемесінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Кабулдағы Ресей Елшілігінің маңында жарылыс болып, Елшіліктің екі қызметкері көз жұмды.