«Курорттық маусымда Әмірліктер қашаннан бастап бізге шекарасын ашатындығы тұрғысында үнемі сауалдар келіп түседі. Атап айтқанда, біз өзіміздің тарапымыздан тиісті жұмыстарды атқардық, яғни келісімді ратификацияладық. Енді БАӘ жағы өзінде құжатты толықтай ратификациялап, тиісті мәліметті береді деп күтілуде», - деді Қайрат Әбдірахманов.
Сонымен қатар министр биыл БАӘ-мен төлқұжаттардың барлық түрлері бойынша визасыз сапарлар туралы келісім бекітілгенін еске салып өтті.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан дипломатиялық төлқұжат иелерін визадан босату жөніндегі келісімді 66 елмен және халықаралық ұйымдармен бекітті.
«Қызметтік төлқұжат иелері үшін бізде 44 мемлекетпен келісім бар», - деп нақтылады Қайрат Әбдірахманов.