ҚР СІМ басшысы Е.Қазыханов ЮНЕСКО Бас директоры И.Боковамен кездесті

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қарым-қатынастардың динамикасын, оның дамуының жаңа перспективаларын, сондай-ақ ертең өтетін IV  әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін жан-жақты қарастырды.

«Тікелей мәдениетаралық диалог мәселелерімен айналысатын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресі ЮНЕСКО үшін өте маңызды», - деп атап өтті И.Бокова.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, ЮНЕСКО-ның Қазақстанмен бірлесіп, Рио-де-Жанейрода өтетін тұрақты даму конференциясын, 21 мамырда Нью-Йоркте әлем күндерін өткізу мәселелері талқыланды.