ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Украинаның Сыртқы істер министрі Л.Кожарамен кездесті
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық қатынастардың әр-түрлі көріністерін, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірігулердегі өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
Екі елдің ЕҚЫҰ шеңберіндегі өзара ықпалдасуы келіссөздердің өз алдына бөлек тақырыбына айналды. Л.Кожара Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы негізінде оң тәжірибесі бар, Украина қазіргі уақытта Ұйымға төраға ретінде 2010 жылғы Саммитте қабылданған Астаналық декларацияда белгіленген барлық бастамаларын қолдайды, - деп атап өтті. Сонымен қоса, украина төрағалығымен өтетін барлық іс-шараға Қазақстанның белсенді қатысуын айта кетті. Тараптар ү.ж. 5-6 желтоқсанда Киевте жоспарланған жыл сайынғы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің жиналысына дайындалу жөніндегі мәселелерді қарастырды. Е.Ыдырысов «2014-2015 жылдардағы Хельсинки қосу 40 үдерісін одан әрі жылжыту жөніндегі декларациясын» СІМК барысында қабылдау бойынша жоспарларына қолдау білдірді.
Екіжақты ынтымақтастық мәнмәтінінде келесі жылға Украина Президенті Виктор Януковичтің Қазақстанға мемлекеттік сапары мен екі ел іскер топтарының қатысуымен бизнес форум ұйымдастыру жөніндегі жоспарының маңыздылығы атап өтілді.