ҚР СІМ басшысы елшіліктерді қаржыландыруды қысқартуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов оңтайландыру жолымен шетел елшіліктерін қаржыландыруды қысқартуға ниетті екенін мәлім етті, деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі министрліктің басшы құраммен өткен кеңесінің қорытындысы бойынша.

«Министр көтерген тағы бір мәселе шетелдегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің шығыстарын оңтайландыру болып табылады, бұл бюджеттік қаражат шығындары азайған кезде шетелдік мекемелердің қызметін тиімді атқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Ерлан Ыдырысов министрлікте жұмыс істеу үшін кәсіби ілеспе аудармашыларды даярлау қажеттігін атап өтті.