ҚР СІМ басшысы Еуропаға сапар жасайды

АНА. 18 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шілденің 18-20-ы күндері аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Бельгия Корольдігіне, Германия Федеративтік Республикасына, сондай-ақ Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігіне сапармен барады.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

Оның хабарлауынша, сапар барысында Е.Қазыханов өз әріптестерімен кездесіп, сауда-экономикалық, саяси және инвестициялық салаларда ынтымақтастық байланыстарын, сонымен қатар аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ министр Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы талқыға салып, бірқатар кездесулер өткізеді.