ҚР СІМ басшысы Гвинеяда ИЫҰ -дағы әріптестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - 9-10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлері Кеңесінің 40-шы сессиясының жұмысына қатысады. Саммит Конакри қаласында (Гвинея) өтеді.

«ИЫҰ күн тәртібіндегі, сонымен қатар халықаралық, өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында, министр Ислам ынтымақтастық ұйымының қатысушы - елдерінен келген әріптестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге ниетті»,-деді бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.