ҚР СІМ басшысы Қ. Саудабаев әзірбайжандық және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

әуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Кеше ЕҚЫҰ-ның қызмет басындағы төрағасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен және Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен телефон арқылы сөйлесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы әңгімелесуші тараптармен Таулы Қарабақ қақтығысының жағдайын және оны реттеу мәселесінің болашағын талқылаған. Қ. Саудабаев жағдайды жақсарту жолдарын іздестіруде күш-жігерін үдетуге және бұл процеске ЕҚЫҰ төраға мемлекеттің басшысы ретінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жеке өзінің қатысу мүмкіндігіне адал қызығушылығын танытты.

Сонымен қатар, тараптар 16-17 шілде аралығында Алматы қаласында өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне дайындық туралы және Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылға белгіленген ЕҚЫҰ Саммитінің негізгі мазмұнын анықтау жөнінде пікір алмасты.