«Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бүгiнде сириялық дағдарыс ең өткiр халықаралық дағдарыстардың бiрi. Оның терiс ықпалы Таяу Шығыс аймағына ғана емес, жалпы жаһандық жағдайға қатты әсер етті», - дедi министр Астанадағы баспасөз мәслихатында.
ҚР СIМ басшысы атап өткенiндей, Сирияда ауқымды гуманитарлық апат орын алуда.
«Сириядағы әскери қимылдардың салдарынан 250 мыңға тарта адам көз жұмды, 4 млн. жуық адам елден бас сауғалады. Олардың тағдыры өте қиын. Бұл жағдай олардың үдере көшкен елдерде - Түркияда, Иорданияда, Ливанда әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы түйткiлдердiң ушығуына әкеп соқтыруда. Талай адамдарға қайғы-қасырет шектірген мұндай ахуалға төзуге болмайды», - дедi Е. Ыдырысов.