«2016 жылдың 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жұмыс сапарымен Ташкентке келеді. Сапар барысында Өзбестан Президенті Шавкат Мирзиеев пен ҚР СІМ басшысы кездеседі деп жоспарланған. Сондай-ақ, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөздер жүргізіледі», - деп айтылады хабарламада.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсан күні Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына кірісті.
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Президентінің инаугурациясына шақырылды. Өзбекстан президентінің сайлауы 4 желтоқсанда өтті. Шавкат Мирзиеев 88,61% дауыс жинап, Президент сайлауында жеңіске жетті. Сайлау барысын 44 елдің 500 халықаралық бақылаушылары, соның ішінде халықаралық ұйымдардың - ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Сайлау органдарының бүкіләлемдік ұйымының өкілдері бақылады.