ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесіне «Локомотив» ХК ойыншылары мен ЯК-42 ұшағы экипажының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровқа «Локомотив» ХК ойыншылары мен ЯК-42 ұшағы экипажының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Локомотив» хоккей клубының мүшелері мен экипаждың қазасына алып келген ЯК-42 ұшағының апатқа ұшыраған хабарын аса күйзеле отырып естідім. Мен қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.