«Біздің Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастығымызға әлемдік қоғамдастық назар аударып отыр. Кеңес жұмысы басқа да түркітілдес мемлекеттер үшін тартымды бола түсуі үшін біздерге оның экономикалық құрамдас бөлігін күшейту қажет», - деді Е.Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитінің басты тақырыбы туризм екендігін де баса атап өтті. «Саммит жұмысының қорытындысы бұл саладағы ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін жаңа мүмкіншіліктер беретіндігіне сенімдімін», - деп түйіндеді сөзін министр.