«Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі аспектілерін, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысына дайындықты, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрестегі өзара іс-қимылды талқылады.
Тараптар екі ел арасында берік саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.