Аталмыш конференция ГФР Үкіметінің бастауымен су ресурстары бойынша 1-ші конференция аясында 2008 жылы сәуір айында Берлинде өткен «Орта Азияға арналған су бастамасының» («Берлин үрдісі») ажырамас бөлігі болып табылады.
ГФР-ның бастамасы Орта Азия бойынша ЕО стратегиясы аясында жүзеге асып отыр. Ол су ресурстарын басқаруға және трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Конференцияға мүдделік танытып отырған ГФР-ның, Орта Азия және Ауғанстан мемлекеттерінің, ЕО, ЕЭК, БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық, ұлттық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың 50-ден астам министрліктері мен ведомстволары қатысты.
Форумның жұмысын Су бастамасының 2-ші кезеңі басталғаны жайлы мәлімдеген ГФР СІМ-нің федералды министрі Гидо Вестервелле ашты.
Конференциясының ашылуынада сөз сөйлеген А. Волков қатысушыларды тартылып қалған Аралды құтқару бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. Сонымен қатар ол өңірімізде су мәселесін шешеуге белсене араласып жүрген Германия тарапына алғысын білдірді. Қазақстандық дипломаттың сөзіне қарағанда, конференция аса маңызды мәселелерді теориялық және практикалық жағынан түрлендіріп, қызметтің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар бірлесе отырып өтінішті қабылдады.
Берлинге жасаған жұмыс сапары аясында А. Волков ГФР СІМ-нің статс-министрі Корнелия Пипермен және ОА бойынша ЕО-тың арнайы өкілі Пьер Морелмен екіжақты кездесу өткізді. Олар кездесу барасында ҚР, ГФР және ЕО арасында сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастардың маңызды тетіктерін талқылады.