ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері азаматтық қоғам өкілдерімен Қазақстанның сөз бостандығы және өз пікірін білдіру, сондай-ақ ар-ождан және діни сенім бостандығы саласындағы халықаралық мінеттемелерін орындауы жөнінде келелі пікір алмасты. Онда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева және «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро» кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис негізгі баяндамашы болды.
Кездесудің қорытындысымен кеңеске қатысушылар Қазақстанда сөз бостандығы мен пікір білдіру, сондай-ақ ар-ождан және діни сенім бостандығы жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынбалар әзірледі. Қатысушылар аяқталып келе жатқан биылғы жылы желтоқсан айында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен Консультативтік-кеңесші органның кездесуін өткізуге уағдаласты.