Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қатысушылар ҚР-да адам жекелеген құқықтары мәселелерін талқылады: Қазақстан Республикасының өмір сүру құқығын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы және келешекте өлім жазасын толықтай жою; Қазақстан Республикасының азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауы.
ККО төртінші отырысын аша отырып, Үсен Сүлеймен Қазақстанның саяси жүйесінің қадамдық дамуына ұсынымдар тізбесін жинақтауға мүмкіндік берген азаматтық қоғамның, атқарушы, заң шығарушы және сот билігі өкілдерінің жұмысына жоғары баға берді.
ККО ұсынымдарын қарастыру нәтижелерінің аралық қорытындысын шығара келе, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Қазақстан Үкіметі демократияны, заң үстемдігі мен адам құқықтарын дамыту саласындағы 30 пайызға жуық зерттемелерді қабылдағанын атап өтті. Сонымен қатар, алғашында ККО тетігі ҚР құқық қорғау жүйесін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуды көздегендіктен, мұндай нәтиже барлық басым болжамдардан асып түскенің атап көрсетті. Бүгінде ККО Үкіметке ұсынымдарды әзірлейтін тетік қана емес, сонымен бірге мемлекеттік құрылыс бойынша Астананың жұмысында оларды жүзеге асырудың тиімді жетекшісіне айналды.
Отставкадағы Жоғарғы Сот судьясы, заң ғылымдарының докторы Раиса Юрченко мен «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тұрмағамбетова Жеміс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Әділет полковнигі Кешубаев Жанат және «Адам құқықтарының мониторингі орталығының» директоры Жанәбілова Ардақ негізгі баяндамашылар ретінде сөйледі.