ҚР СІМ-де Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосынан Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

«Қазіргі сәтте бізде осы жылғы 20 желтоқсанда Медине қаласынан Қазақстанның үш азаматын ұстағаны туралы ақпарат бар. Олар - Медине қаласындағы Ислам университетінің студенттері. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы біздің Елшілік оларды ұстау себептерін анықтауда. Бұдан кейін оларға мұндай жағдайларда консулдық-құқықтық қажетті көмек көрсетіледі.

БАҚ-та айтылған басқа екі қазақстандықты ұсталғаны туралы бізде Сауд билігінен келген ресми хабарлама жоқ», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Бұл ақпарат қазір дипломатиялық арналар бойынша тексерілуде.