ҚР СІМ: Германияда қылышпен шауып өлтірілген жігіттің Қазақстанға қатысы жоқ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Германияда қылышпен шабылып өлтірілген 36 жастағы жігіттің өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірқатар шетелдікБАҚ көздерінен хабарланып отырғандай, Сириядан келген мигрант Штутгартқаласының шетінде 36 жастағы жігітті қылышпен шауып өлтірген. Қайғылы жағдайсәрсенбі күні сағат 18.00 кезінде тіркелген. БАҚ көздерінің хабарлауынша, жолүстіндегі ұрыста ер адам өзінің танысына тап беріп, қылышпен кескілеп, шауып тастаған.Қылмыскер бірден оқиға орнынан ізін суытыпты. Алайда күдікті – 28 жастағысириялық мигрант көп ұзамай полицияның қолына түскен.

Сонымен бірге,бірқатар БАҚ-тарда кісі қолынан қайтыс болған жігіттің Қазақстаннан келгені,Германия азаматы болғаны хабарланады.

«Немісполициясының Майндағы Франкфурт ҚР Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес,қайтыс болған азаматтың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», - деп хабарлайды ҚРСІМ баспасөз қызметінен.


Автор:

Акбота Кузекбай

Соңғы жаңалықтар