«Мұндай жайт жылдан жылға қайталана бермеуі тиіс. Біз лизенциядан қағуға дейінгі шараны қабылдауды сұраймыз. Ал одан кейін лицензия бергендер шешім қабылдасын», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы дәл осындай оқиға орын алған кезде еліміздің барлық туристік операторларына ескерту жасалған.
«Өздеріңіз де білетіндей, өткен жылы компаниялар, оның ішінде түріктікі де бар, біздің туристерді Түркиядан шығара алмаған болатын. Бұл проблеманы СІМ өз әріптестерінің көмегімен шешіп, туристерді елге жеткізген еді. Бірақ сол кезде барлық туристік операторлар мен лицензия беретін компанияларға ескерту жасалған-ды», - деді Р.Жошыбаев.