«Қазіргі уақытта ҚР Елшілігі қызметкерлері Хайнань аралында қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін елімізге жеткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуде», делінген хабарламада. Сыртқы саясат ведомствосы А.Абсалямовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. Марқұмның мүрдесін Қазақстанға жеткізу шығындарын өзі жұмыс істеген компания міндетіне алды.
18:50, 26 Наурыз 2015
ҚР СІМ Хайнань аралында қаза тапқан қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ 21 наурыз күні Хайнань аралында (Қытай) жол-көлік оқиғасына ұшыраған 1990 жылғы ҚР азаматы Артур Абсалямовтың қазасына қатысты түсініктеме берді.