«Әзірге, біздің азаматтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, әлі де тексеретін боламыз», - деді Ә. Жайнақов.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аматриче қаласындағы зілзаладан шаһардағы көптеген нысандар қирап, адамдар ғимараттардағы үйінділер астында қалды.
Бұдан бұрын еуропалық EMSC сейсмологиялық орталығы Италияның орталық бөлігінде 6,1 магнитудасымен жер сілкінісі орын алғанын хабарлады. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуінің күші 6,2-ге жеткен. Әзірге зардап шеккендер бойынша нақты ақпарат таратылған жоқ.