"Қазiргi уақытта 23 қазақстандық Израильден Түркияға қайтадан ұшып шықты. Бiздiң консул әуежайда iстi бақылауда ұстауда. Қалған ҚР азаматтарын елден алып шығу жұмыстары ұйымдастырылған. Қазiргi уақытта Израильден кете алмаған отандыстарымыздың саны анықталуда. Қолда бар ақпарат бойынша, әзiрге 50-ге жуық турист осы елден шыға алмаған. Бiз Қазақстан азаматтарының қауiпсiздiгiн сақтау және оларды отандарына қайтару үшiн қолымыздан келгеннiң барлығын жасаудамыз", - дедi ол.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, Израильге демалуға кеткен қазақстандық турист Диана Назар мен өзге де ҚР азаматтарының өмiрлерiне еш қауіп төніп тұрған. Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi азаматтарымызды қарулы қақтығыс аймақтарынан шығару жұмыстарын белсендi атқарып келедi.