ҚР СІМ Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясына карелиядағы 14 адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Министрлік Туиттердегі ресми аккаунты арқылы көңіл айтудың мәтінін жария етті.

«Құрметті әріптестер @MID_RF @rfembassyastana, құрметті ресейліктер! #сямозеро көліндегі адамдардың қаза табуына байланысты қайғыра отырып көңіл айтамыз», делінген жазбада.

 

Еске сала кетсек, Карелиядағы Сямозеро көліне серуенге шыққан сапарда үш қайықтың екеуі қатты желден аударылып 13 бала мен бір ересек қаза тапқан болатын.