деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі осы жалған ақпараттың пайда болу себептерін және көздерін анықтаумен аналысуда және ядролық қаруды таратпау ісіндегі жаһандық көшбасшылардың бірі болып табылатын Қазақстанның беделін одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда», деді брифингте А. Әбдірахманов.
Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдар жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша, «Ассошиэйтед Пресстің» мақаласында келтірілген Қазақстанның Иранға уран сатпақ болғаны туралы фактілер қуатталмаған. Ресми өкіл мұндай мәмілелерді жасау тіпті теория жүзінде мүмкін еместігін атап көрсетті. «Қазақстанның атом технологиясы саласындағы бүкіл қызметі толықтай МАГАТЭ-нің стандарттарына сәйкес және МАГАТЭ-нің бақылауымен жүзеге асырылады», деді ол.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі «Ассошиэйтед Престі» қосқанда, таратылған ақпараттардың шынайылығына жауаптылықты бүкіл БАҚ-тың қызметіндегі принциптердің бірі деп есептейді, таратылған ақпараттар қуатталмаған жағдайда жоққа шығарылуы қажет», деді А. Әбдірахманов.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жұма күні ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкио Аманомен болған кездесуінде, соңғысы Қазақстан тарапын «Ассошиэйтед Престің» мақаласында көрсетілген жалған мәліметтерді дереу жоққа шығарғандығы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірген және бұл жағдайды біржақты айқындап бергенін әрі МАГАТЭ өз жұмысында осы позицияға арқа сүйейтінін айтқан.