«Қазір ғана Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшелігіне қабылдау туралы Бас ассамблеяның қарар-ұсынымын қабылдады», - делінген жеделхатта.
«Отырыста Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мәлімдеме жасады. Онда ол кеңес мүшелері атынан Қазақстанды кеңес ұсынымын алуымен құттықтап, бұл оқиғаны тарихи сәт деп баға берді», - деп жазды А.Арыстанбекова жеделхатта.
Сонымен қатар жеделхатта Бас ассамблеяның жаңартылған сессиясының ақпан айының соңына жоспарланып отырғаны айтылған. «БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Гали Сіздің атыңызға құттықтау жолдады. Осынау тарихи сәттен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Құжаттардың көшірмесін телефаксмен жіберемін», - деп хабарлады ол.
Айта кетейік, Қазақстанның БҰҰ-ға кіру процесі 1992 жылдың 2 наурызында аяқталып, сол күні БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның туы көтерілген болатын.
Қазақстанның мемлекет қайраткері Ақмарал Арыстанбекова 1989-1991 жылдары Қазақ КСР-ның Сыртқы істер министрі, 1992-1999 жылдары БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.