ҚР СІМ Қазақстанның Қытайдағы достары клубының мүшелеріне медаль тақты

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінде Қазақстанның Қытайдағы достары клубының төртінші отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісі.

Шараға ҚХР Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжоу Ли, Яо Пэшэн және ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия елдері департаментінің директоры мен Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшылары, ҚХР Мемкеңесінің дамуды зерттеу орталығының, Халықаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі Қытай институтының, Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының, Стратегиялық зерттеу институтының өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камаладинов, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, ҚР СІМ орталық әкімшілігінің қызметкерлері, Қытайдағы қазақстандық дипломаттар қатысты.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы Астанаға келіп, Жібек жолын жаңғырту туралы идеясын ортаға тастаған болатын. 2018 жылы идеяның іске асқанына 5 жыл толады. Қазіргі күні Жібек жолын жаңғырту идеясы халықаралық кооперация мен экономикалық өсім драйверіне айналды»,- деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камаладинов.



Ол «Қазақстанның жаңғыруы 3.0», «Нұрлы жол», «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының іске асырылуы туралы айтып берді. Қазақстанның Қытайдағы достары клубының мүшелері өз баяндамаларында екіжақты қарым-қатынас пен оны әрі қарай дамыту бағытындағы нақты ұсыныстары туралы айтып берді.

Кездесу соңында А.Камаладинов Қазақстанның Қытайдағы достары клубының мүшелерін «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалімен марапаттады. Олар: ҚХР-дың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжоу Ли, Яо Пэшэн, Бейжің шет тілдері университетінің ректоры Пэн Лун, Қытай халықаралық мәселелер институтының ШЫҰ орталығының директоры Чэнь Юйжун, Қытай қоғамдық ғылымдары академиясы, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Ли Юнцюань, ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Ху Чуньмэй, Пекин шет тілдері университетінің профессоры Лю Чжэн, Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының директоры Цзи Чжие, атақты түрколог Еркін Аугали.

Айта кетейік, Қазақстанның Қытайдағы достары клубының мүшелері 2015 жылдың 10 қарашасында құрылған.