ҚР СІМ қырғыз тауында қиын жағдайда қалған альпинистерге қатысты деректерді жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстан альпинистері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 17 тамызында Бішкектегі қазақстандықконсулдыққа Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөлоблысы) Победа шыңында жоғалып кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазақстаназаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамызкүні Победа шыңына сапарлап шыққандығы анықталды. Олардың барлығы да кәсібижәне тәжірибелі альпинистер. 14 тамызда альпинстер аталған шыңды бағындырған.Сол күні ауа райы нашарлап кеткен», - деді Айбек Смадияров.

Министрлік мәліметінше, альпинистер 15 тамыз күні шамаменсағат 08-15-те соңғы рет байланысқа шығып, орын алған жайтқа қатысты дабылқаққан. Сондай-ақ, оларА.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктікте болған. Шатырлары менжабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соғанжасырынғандықтарын айтқан.

«Дипломаттарымыз жедел түрде болған оқиға жайында Қырғызстан ТЖМ-і мен Қазақстан ІІМ Төтеншежағдайлар комитетінің кезекшілік бөліміне хабар берген. 18 тамызда аталғанжорықты ұйымдастырғантуристік компанияға тиесілі тікұшақ 18 тамыз күні альпинистер жоғалған болжамдыауданды шолу үшін екі рет әуеге көтерілді. Өкінішке орай, нәтиже жоқ. Себебі тауда бірнеше рет көшкін жүріп, аталған ауданды қарбасып қалған», - деді министрліктен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, құтқару операциясына аталғантаулы аймақта тікұшақтың не бәрі 4 500 метрде ғана ұшуына рұқсат берілуі,сонымен қатар қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігінде жедел штаб құрылып, ол жоғалған альпинистердііздеуге барынша көмек көрсетіп жатыр. Дипломаттар Қазақстан мен Қырғызстанныңқұзіретті органдарымен және жоғалған альпинистердің туыстарымен тұрақтыбайланысқа шығып отыр. Консул мен М.Өтепбаевтың туыстары түнімен Елшілікте болып, үйлестіру мәселелерінбірлесіп қарастырды. Қырғыз аумағындаҚазақстан тікұшақтарының ұшуына рұқсатты ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіліпжатыр. Қазақстан тікұшақтары жоғалғандарды іздеуге көмекке шақырылғанҚазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кәсіби альпинистер тобын жеткізетінболады. Бір іздеу тобына танымалальпинисші Мақсұт Жұмаев жетекшілік ететіндігі жоспарланған.

Қазақстан Сырты істер министрлігі альпинистерді іздеужұмыстарын ерекше бақылауында ұстап отыр. ҚР ІІМ ТЖК және Қорғанысминистрліктерімен бірге қырғыз тарапымен жедел жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған болатын. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.