«Қазақстан Қытаймен визасыз режім енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлер арқылы таратылған «Қытай азаматтары үшін визалық режім жойылады» деген ақпарат жалған, әрі арандатушылық мәнді болып табылады. Қазақстан тарапы Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа ұзарту, сондай-ақ Қытайға баруға ниетті қазақстандықтарға дербес виза ресімдеуді қайта бастау бойынша қытай тарапымен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын естеріңізге саламыз.
Осы бағыттағы жұмыс екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты өзара әріптестік, тараптардың мүдделеріне өзара құрмет негізінде жалғасуда», - делінген ҚР СІМ Фейсбуктегі ресми парақшасындағы хабарламада.