«Бұл сұрақты министрге Женевада өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысы шеңберінде шетелдік ақпарат агенттігінің тілшісі қойған еді. Оның толық дәйексөзі келесідей: «Әрине, адам шығыны үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Орыстар да, украиндер де біз үшін бауырлас халықтар екені түсінікті, сондықтан біз әрине алаңдаймыз. Өз тарапымыздан араағайындық қызметтерді пайдалану үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Мұны екі тарап та қажет деп тапса, біз келіссөздер алаңын ұсынуға әзір».
Сонымен қатар, министр бұл мәселе бойынша әлі ешқандай келісім жоқ екенін айтты», - деді Айбек Смадияров.