Оның айтуына қарағанда, қазақстандықтардың мүрделерін Франциядан Қазақстанға жеткізу мерзімі әзірге белгісіз.
«Біз Ниццада көз жұмған қазақстандықтардың денелерін елге жеткізуге қол ұшын беретін боламыз. Ол қашан болатыны туралы ақпарат жоқ», - деді ол.
Еске сала кетсек, 14 шілде күні Ниццада болған лаңкестік әрекеттен Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) құрбан болған. Қазіргі уақытта ҚР СІМ олардың туған-туыстарымен барлық қажетті шараларды жасап жатыр.
10:47, 18 Шілде 2016
ҚР СІМ Ниццада қаза тапқан қазақстандықтардың денесін елге жеткізуге жәрдем береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Ниццада қаза тапқан қазақстандықтардың денесін елге жеткізуге жәрдем береді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов мәлім етті.