ҚР СІМ: Ниццадағы теракттан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар бар деген ақпарат түспеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ниццадағы теракт салдарынан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпарат түспеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі Твиттердегі ресми парақшасында.

«Қазіргі уақытта Ниццадағы террорлық акты құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы жөнінде мәлімет түспеген, ақпарат қосымша тексерілуде.  Ницца қаласындағы террорлық актіні қатаң айыптаймыз. Франция халқының қайғысына ортақтасамыз. Терроризм бүкіл әлемге ортақ қауіп-қатер», - делінген хабарламада.