«Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі осы іс жайында хабардар. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүдделерін сақтау үшін Корея тарапы тергеудің жайын егжей-тегжейлі айтпай отыр. Біздің консулдық прокурор және адвокатпен байланыс орнатуға әрекет етіп жатыр», - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер «ҚазАқпарат» ХАА-ға.
Сыртқы саяси ведомстводағылардың айтуынша, Аманат Жұмаш зорлау фактісімен айыпталуда. «Бұл мәселе Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігінің консулдық бөлімінің ерекше бақылауында», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұрын Оңтүстік Корея азаматшасы Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны Аманат Жұмашқа зорлады деп айып таққанын хабарлаған болатын. Қазақстандықтың әкесі Қайсар Шерімнің айтуынша, оның ұлы айыпсыз, Оңтүстік Кореяға 2017 жылдың ақпанында обырмен ауырған анасын емдетуге ақша жинау үшін жұмыс істеуге кеткен.
Аманат Жұмаш түрлі жұмыстарды істеп жүрген. Аманаттың ұсталғаны туралы туыстары хабарлаған. Олардың айтуынша, сот 40 күннен соң өтеді. Аманат Жұмашқа 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.