Комиссияға қатысушылар тараптардың өткен жылда орын алған қызметінің нәтижелерін қарастырып, екіжақты сауда айналымының 2,1 млрд. АҚШ долл. құрап, 23%-ға өскенін атап өтті.
«Екіжақты ынтымақтастық дамуының қазіргі қарқыны Қазақстан - Польша үкіметаралық комиссиясының екі ел үшін тиімді сұхбат алаңына айналғанын көрсетеді» - деді Р. Жошыбаев. Оның пікірінше, Қазақстанның жылына 5%-дан төмен түспейтін экономикалық өсімі және аталған үрдістің сақталуы туралы жағымды болжамдар екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықтың ары қарай нығаюына жақсы негіз береді.
Өз кезегінде Я. Пехочинский ынтымақтастықтың дамуы үшін келешегі мол салалар арасында машина жасау, энергетика, қорғаныс және тау кен өнеркәсіптерін, көлік тасымалы мен логистиканы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді атап өтті.
«Қазақстанның 2014 ж. Дүниежүзі сауда ұйымының мүшесіне айналуы сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың нығаюы, тауар айналымы мен инвестициялардың өсімі үшін бұдан да тұрақты және айқын жағдай тудыратынына сенеміз», - деп атап өтті поляк вице-премьері.
Үкіметаралық комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдары өкілдерімен қатар Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысқан болатын. Олар поляк серіктестерімен 2014 ж. Қазақстан мен Польша арасында өңіраралық ынтымақтастық мәселерін талқылады.
Іс-шараның қорытындысымен бекітілген комиссия отырысының Хаттамасы өзара тауар айналымы мен инвестиция алмасу үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар топтамасын жаңартты.
Сонымен қатар, тараптар білім беру саласында үкіметаралық келісім мен стандартизация және ветеринария салаларында ведомствоаралық меморандумдардың қол қоюға дайын екендіктеріне назар аударды.
Варшавада өткен келіссөздердің қорытындысымен Р. Жошыбаев Вице-премьер Я. Пехочинскийді жетекші поляк компаниялары басшыларымен бірге жақын арада Астанаға келуге шақырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.