«Біздің консул Мадридтен 500 шақырым жердегі оқиға орнына барған болатын. Испаниялық полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізді. Өлім зорлық-зомбылық жағдайынан келмеген. Оның сырқаты болған. Ажалы содан келді. Туған-туыстарына марқұмның денесі 2-3 күннің ішінде жеткізілетіні хабарланды», - деді Айбе Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Испанияда қазақстандық азамат көз жұмғаны бұған дейін СІМ-нен хабарланған болатын.