ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, 32 жастағы жігіт Сеулдегі жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен.
«Полиция айтқандай, ол көпірден секіріп көз жұмған. Оның қалтасынан күнделік табылды. Оны жақындарына береміз», - деді ол.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қазіргі таңда оның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі талқыланып жатыр.
Марқұм Оңтүстік Кореяда құмар ойынын ойнаумен айналысқан.