Бұрын хабарланғанындай, Түркияның шығысында орналасқан Ван қаласында полицейлер учаскесіндегі жарылыс кезінде үш адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланды.
Алдын ала деректер бойынша, жарылғыш зат автотұрақтағы көліктердің біріне қойылған.
Бұдан бұрын құқық қорғаушылар күдіктіні ұстағаны хабарланған. Жарылыстан кейін кінәлілерді жерден ғана емес, әуеден іздеу операциясы басталды.