ҚР СІМ Украинаның шығысында «Боинг» ұшағының апатқа ұшырауына алаңдаушылық танытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Украинаның шығысында «Боинг» ұшағының апатқа ұшырауына алаңдаушылық танытады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

«Малайзия әуежолдары ұшағының Украина шығысында апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына аза тұтып, көңіл айтамыз. Болған оқиғаға аса алаңдаушылық танытамыз. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақта Қазақстан Республикасының азаматтары болмаған. Бұл мәселені біз ары қарай анықтаудамыз және қосымша ресми ақпараттар келіп түскен жағдайда, сіздерді хабардар ететін боламыз», - деді ол.