«Бұл - Қазақстанды барлық қырынан көрсететін заманауи калейдоскоп. Өте көп суреттер, роликтер, бейнесюжеттер, нақты ақпараттар, біздің тарихымыз, мәдениетміз туралы мәліметтер пайдаланылды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, аталған тұғырнаманы телефон, планшет және компьютер арқылы қазақстандықтармен қатар шетелдік азаматтар да пайдалана алады.
«Шетелдегі азаматтарымыз, ол жақта білім алып жатқан студенттеріміз бұл тұғырнаманы әлем біздің ішкі және сыртқы саясатымызды барынша жақсы біле түсуі үшін белсенді пайдаланады деп есептейміз», - деді Е.Ыдырысов.