«Венгрия халқына Верона қаласындағы жол апатында балалардың құрбан болуына байланысты шын ниетпен көңіл айтамыз және зардап шеккендердің жылдам сауығып кетулерін тілейміз»,-делінген еліміздің сыртқы істер ведомствосының әлеуметтік желідегі аккаунтында.
Айта кетейік, Италияда автобустың апатқа ұшырауына байланысты 16 адам құрбан болып, 26 адам ауруханаға жеткізілді.
Италияның құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметтерінше, туристерге арналған автобус Франциядан Венгрияға келе жатқан. Онда барлығы 55 адам болған. Жолаушылардың дені мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар болатын, деп жазады Риа Новости.
Қайғылы жағдай жұма күні түнде Верона қаласында болды. Құтқарушылардың мәліметтерінше, автобус бағанаға соғылып артынан өрт шыққан. Автобустың жүргізушісі, Франция азаматы мерт болғандардың біреуі болуы мүмкін.